Мына тұжырымдардың қайсысын мақұлдар едіңіз?
1. Адамның өз мүлкіне және өз еңбегінің нәтижелеріне құқығы бар. Мемлекет оларды қорғауы керек.
2. Бәсекелестік пен меритократия болуы керек. Мемлекет олигархтарға көмектесіп, олардың нарығына басқалардың кіруіне кедергі жасамауы керек. Бірақ, әрине, мемлекет қауіпсіздік, қоршаған орта мен тұтынушыларды қорғау, сондай-ақ, әр түрлі қаржы ұйымдарын қадағалау мәселелеріне келгенде реттеушілік міндетін атқаруы керек.
3. Шенеуніктер мен бюрократтар кәсіпорындарды тиімді басқара алатындай бизнесті түсінбейді. Бұл жемқорлық пен тапшылық тудырады. Бірақ олар жеке кәспкерлерді реттей алады, әсіресе 2-пунктегі мәселелерге қатысты.
4. Бізге шетелдік технология, өндіріс және басқару тәжірибесі қажет. Әйтпесе, біздің қателіктерден сабақ алу әдісі арқылы үйренуіміз ұзаққа созылады.
5. Бізге банк секторында бәсекелестік керек – реттеушілер ең ірі банк үшін жағдай жасап, қалғанын ысырып тастауы әбден мүмкін. Ақшаны жайдан-жай басып шығаруға болмайды, біз инфляция отын тұтатсақ, оны тоқтата алмаймыз.
6. Шенеуніктердің, лоббишілердің және шикізат кәсіпкерлерінің сахна артында шешім қабылдағанынан гөрі, мұнай бағасының валюта бағамына өздігінен әсер еткені дұрыс. Қалай болса да, біз біріншісіне дайындала аламыз, ал екінші жағдайда міндетті түрде ақша жоғалтамыз.
7. Халықтың арзанырақ және сапалы өнімдерді таңдауға мүмкіндігі болуы керек. Бұл кедейлікке, отбасылардың әл-ауқатына, бақыт деңгейіне әсер етеді. Ол үшін сауда адамдары олардың қалағанын жеткізе білуге тиіс. Жалпы айтқанда, соғысқаннан гөрі, саудамен айналысқан артық.
8. Мемлекеттік бюджеттің басымдығы білім беру, денсаулық сақтау және жалпы инфрақұрылым (қоғамдық игіліктер) болып табылады. Кедей отбасынан шыққан балалармен ақша үшін бәсекелесетін паразит-кәсіпорындарды субсидиялауды доғару керек.
9. Адал бизнесті салықпен тұншықтыруды, мөлшерлемелерді көтереміз деп қорқытуды доғару керек. Табысына барынша таласуға тырысқанша, оның дамуына колдау көрсетіңіз. Сонда бәрі де, соның ішінде мемлекет те ұтады.
10. Шамаға қарап өмір сүру қажет, әсіресе мемлекетке. Мемлекеттің тиімсіз бағдарламаларға алған қарызы – соның құнын төлейтін балалар мен немерелер үшін үлкен ауыртпалық.
Бітті. Оң жауаптардың санын санап, 10-ға бөліңіз.
Нәтижесі Сіздің «Вашингтон бәтуаластығын» қаншалықты қолдайтыныңызды көрсетеді. Иә, дамушы елдерді тізе бүктіргісі келетін дәл осы неолиберализм мен «қарғыс атқан» капиталистерді.
«Вашингтон бәтуаластығының» түпнұсқалық тұжырымындағы мәселе 5 маймыл және банан туралы интернет-мем сияқты. Олар АҚШ, Ұлыбритания және Германиядағы саясатты өзгерткен бастапқы дәлелдерден алшақ әрі әлдеқайда кейінірек жазылған. Сол сәтте бұл айқын болып көрінді және «техниктер» оларды нұсқаулық ретінде жазды.
Тағы бір мәселе, барлық 10 пунктті бір уақытта орындау қиынға соғады, кейде бұл тіпті өзін-өзі өлтірумен пара-пар. Олардың өз басымдығы мен реттілігі бар. Мұны дана мемлекеттер өз мәнмәтінін ескере отырып, халықаралық ұйымдарға қарайламай түсінуі керек.
Үшінші мәселе – айналадағы көршілер. Басқаларды әшкерелеу арқылы ешкім пайда көрмеуі үшін ұжымдық қабылдау – бұл бір мәселе. Екіншісі – арамдардың арасында адал болу. Сондықтан сыртқы экономикалық саясатты ұлттық мүддені ескере отырып, мұқият жүргізген жөн. Егер бізді алдап жатса, тіпті Адам Смит бізді әділ сауда үшін оларға қатысты дәл солай әрекет етуге шақырады.