Кәсіби және IT-қызмет көрсету секторы экономикада кішігірім орын алатынына қарамастан, аса маңызды. Ол менеджментті кәсібилендіреді, «кәсіпті» корпорацияға айналдырады, процестерді оңтайландыру арқылы ауқымдылық эффектісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді және бизнестің құнын арттырады. Ел дамудың келесі кезеңіне – индустриялық экономикадан постиндустриалды экономикаға өтеді.
Мемлекеттің қазіргі стратегиясы бәсекеге қабілетті нарықтық экономиканы нығайтуға және орталықсыздандыруға бағытталған. Дегенмен, тиімді нарық шешім қабылдауда сапалы ақпараттың жеткіліксіз болуынан басталатын минималды трансакциялық шығындарды талап етеді.
Мәселе мынада, жағдайды мезо деңгейде түсіну (мәселен, сала немесе аймақтарда) оны қажет ететін бірнеше ойыншыны үйлестіруді талап етеді. Өз кезегінде, әлсіз институттар жағдайында бұған қол жеткізу қиын.
«Тұйық шеңберді» бұзу үшін біз басқаларға әлдеқайда кешенді бейнекөріністі («ағаштар артындағы орман») ұсынбақпыз.
Мұның барлығы мемлекеттік органдар мен ірі компаниялар деңгейінде әлдеқайда сапалы стратегиялық шешімдер қабылдауға септік болады деп сенеміз. Біздің өнімдер Қазақстан экономикасының қазіргі шектеулеріне қарамастан, жаңа оптимумға қол жеткізуіне ықпал етеді.