Біз туралы
Фото: Deonisy Mit
Экономикалық саясат саласындағы тәуелсіз қазақстандық «талдау орталығы» (think tank).
Біз мемлекетке бағынышты емеспіз, біздің идеяларымыз өз нанымдарымызға және нақты саяси ұстанымымызға негізделген.
Неліктен «Desht»?
«Дешті Қыпшақ» – біздің тарихи өлкеміз, Ұлы Дала. Бізге оның ауқымы мен еркіндік сезімі ұнайды. Біз бұл аймақты ерекше әрі өзіндік экономикалық әңгімелерге лайық деп сенеміз. Біз басқа елдердің күн тәртібімен өмір сүрмей, дерексіз халықаралық тәжірибелерді көзсіз көшірмеуіміз керек.
Неліктен «Institutional transformation»?
Елді жаңғырту туралы қазіргі талқылаулар «не істеу керек?» деген сұрақтың, яғни дербес шаралар мен жобалардың төңірегінде құрылады. Іске асыру барысында «кім жасайды?» және «қалай жасайды?» деген сұрақтар еленбегендіктен, есеңгіреу жағдайы пайда болады.
Біз экономикалық еркіндікті ілгерілету және тарату институттарын дамыту төңірегінде пікірталас құрғымыз келеді.